Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch

Құқықтық ескерту

«Роберт Бош» ЖШС веб-сайттарын пайдаланушылар үшін

(©) Авторлық құқық

Осы сайттағы барлық ақпарат (атап айтқанда: мәтін, кескіндер, суреттер, аудиоматериалдар, анимация және бейнематериалдар) және оның Bosch компаниясының сайттарында орналасуы авторлық құқықпен және басқа құқық қорғау туралы заңдармен қорғалған. Тиісті құқық иесінің келісімінсіз осы сайттардың ішіндегісін көшіруге, таратуға, өзгертуге немесе коммерциялық мақсатта үшінші тұлғаларға қолжетімді етуге тыйым салынады.

Тауарлық белгілер

Егер өзгесі көрсетілмесе, біздің сайттарда қолданылатын тауарлық белгілер Robert Bosch GmbH (Германия) компаниясының зияткерлік меншігі болып табылады.

Лицензиялау

Осы сайтты пайдалану арқылы Bosch Group (Bosch) компаниялар тобының немесе үшінші тараптардың зияткерлік меншігін (атап айтқанда: патенттер, тауар белгілері немесе авторлық құқықтар) пайдалануға арналған лицензиялар беру қарастырылмаған.

Онлайн дауларды реттеу

Еуропалық комиссияның онлайн дауларды реттеуге арналған платформасы (ODR) бар. Бұл платформа онлайн сатып алу- сату және онлайн қызмет көрсету шарттарынан туындайтын міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды соттан тыс шешуге арналған.

Платформа мына мекенжай бойынша ұсынылған:http://ec.europa.eu/consumers/odr/.

Robert Bosch GmbH компаниясы тұтынушылардың қатысуымен дауларды реттеумен айналысатын арбитраждық органдарда дауларды реттеу жөніндегі талқылауларға қатыспайды.