Қазақстандағы Bosch
Қазақстандағы Bosch компаниялар тобы 2008 жылдан бері «Роберт Бош» ЖШС еншілес құрылымымен ұсынылған. Компания электр құрал-саймандарының, авто құрамдас бөлшектерінің, қауіпсіздік жүйелерінің, жылыту және энергия үнемдейтін жабдықтардың дистрибуциясын және сатылымдарын жүзеге асырады. Bosch тобының Қазақстандағы және Орта Азия мемлекеттеріндегі айналымы 2020 қаржылық жылда 72 млн еуроға жетті, бұл 2019 қаржылық жылмен салыстырғанда 1%-ға артық. Компанияның персоналы 71 адам (2020 ж. 31 желтоқсан деректері бойынша).
2014 жылы Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға қызмет көрсететін дайын өнімнің (электр құрал-саймандары) ірі қоймасы ашылды. 2016 жылдың қарашасында «Электр құрал-саймандары» бөлімшесінің клиенттерімен жұмыс істеу бойынша сервистік-кеңес беру орталығы жұмысын бастады. 2018 жылы Bosch компаниялар тобы өзінің мерейтойын - Қазақстан нарығындағы аймақтық ұйымның 10 жылдығын атап өтті.
Қазақстандағы Bosch өкілдігі технологиялар мен қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылатын Bosch компаниялар тобының бөлігі болып табылады. Bosch тобының стратегиялық мақсаты - Заттар интернеті саласында өнімдер мен қызметтерді жасау. Bosch компаниясы кең ауқымды мүмкіндіктері мен шабыттандыратын шешімдері бар инновациялық технологияларды әзірлеу арқылы өмір сапасын арттырады. Bosch «өмір үшін әзірленген» технологияларды жасайды.
Қазақстандағы компания басшылығы
404 Not Found

Игорь Петров

- «Роберт Бош» ЖШС бас директоры
2020 жылдан бастап Игорь Петров Орта Азия аймағына жауапты, Қазақстан, Алматы қаласындағы «Роберт Бош» ЖШС бас директоры.
Игорь Петров 1968 жылы 17 шілдеде Бауска қ. (Латвия) дүниеге келген. Игорь Рига техникалық университетін «компьютерлік технологиялар» мамандығы бойынша бітірді, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «ұйымды басқару» мамандығы бойынша қосымша білім алды, сондай-ақ Антверпен бизнес мектебінің (Бельгия) EMBA General Management дипломы бар. Игорь Bosch компаниялар тобындағы мансабын 1993 жылы бастады.
Компаниядағы мансап кезеңдері:
- 2020 ж. бастап - «Роберт Бош» ЖШС бас директоры, Алматы қ.
- 2014-2020 - ТМД елдерінде конвейерлік құрастыруға арналған авто бөлшектерді сату жөніндегі директор, Мәскеу қ.
- 2009-2014 – авто бөлшектер департаментінің сату жөніндегі директоры, Нижний Новгород қ.
- 2003-2009 - Ресей, Беларусь пен Украинада автомобильдік аудио техниканы сату жөніндегі аймақтық директор, Мәскеу қ
- 1993-2003 – автомобильдік аудио-бейне техникасын сату жөніндегі менеджер, Рига қ.
Bosch-пен байланысу
Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз