Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Тұрақты даму, құндылықтар және нормаларға сәйкестік

Әлеуметтік жауапкершілік

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидалары бойынша біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қазіргі және болашақ ұрпақтардың тіршілік етуіне қаражаттар көздерін көбейтуге ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз – жаңартылып жатқан энергия көздерінің қолжетімділігін арттыру, мобильділікті анағұрлым қауіпсіз, экологиялы және үнемді ету, сондай-ақ барлық қызмет бағыттары бойынша экологиялы өнімдерді әзірлеу.

Тұрақты дамудың айқын стратегиясы

Bosch-тың тұрақты даму стратегиясы қызметтің барлық саласында нақты мақсаттарға негізделген. Көп жылдар бойы осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында жұмыс істеп келеміз.

Bosch-ң тұрақты даму стратегиясының иллюстрациясы: стратегияның алты секторы алтыбұрыш ретінде көрсетілген. «Климаттың өзгеруімен күрес» секторына «CO₂ шығарындыларын азайту» және «Энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері» тақырыптары жатады. «Су» секторына «Су ресурстарының тапшылығы» және «Судың сапасы» тақырыптары кіргізілген. «Тұйық цикл экономикасы» секторы «Материалдардың пайдаланудың тиімділігі» және «Қайта пайдалану» тақырыптарымен жұмыс жасайды. «Алуан-түрлілік» секторы «Теңдік және әділдік» және «Қоғамдық өмірге қатысу» тақырыптарын қамтиды. «Адам құқықтары» секторы «Жауапкершілік» және «Ашықтық» мәселелерімен айналысады. «Денсаулық» секторына «Өндірістегі еңбекті қорғау» және «Қауіпті заттар» тақырыптары жатады. Алтыбұрыштың ортасында: «Жаңа салалар – тұрақты даму 2025» деп мәлімделген
«Жаңа салалар – тұрақты даму 2025» стратегиясы.

Тұрақты даму деп көбінесе экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілердің тепе-теңдігін түсінеді. Сонымен бірге, тұрақты даму ESG (Environment, Social, Governance — қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, басқару) аббревиатурасымен капитал нарықтарындағы ресми тұжырымдамаға айналды. Біздің тұрақты дамуды кешенді түсінуіміз екі тәсілдемені де қамтиды. Ол біздің тұрақты дамуды басқару жүйемізді қалыптастырады, барлық деңгейлерде айқын бағдарлауды қамтамасыз етеді және біздің іс-әрекеттеріміздің тиімділігіне кепілдік береді. Үнемділік, экологиялылық және әлеуметтік жауапкершілік принциптеріне сәйкес біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қазіргі және болашақ ұрпақ үшін тіршілік көздерін сақтауға ұмтыламыз.

Біздің «Жаңа салалар – тұрақты даму 2025» стратегиямыз осы мақсаттарға жетудің анық мерзімдерін белгілейді. Біздің компаниямызға әсерін тигізетін мегатрендтерге, және кәсіпорын үшін маңыздылықты талдауға негізделген бұл мақсаттар жуықтағы жылдарға біздің қызметіміздің негізін қалайды.

Фактілер және цифрлар

Ашықтық пен адалдық, кешенділік пен анықтық — міне, біздің тұрақты даму бойынша есептілігіміздің эталоны осы. Ақырында біз тек жауапты ғана емес, сонымен бірге қоғамның сенімге лайықты мүшесі болғымыз келеді.

Bosch-ң тұрақты даму жөніндегі есептемесі

Тұрақты даму бойынша ағымдағы есеп

Біз жыл сайынғы ақпараттық бюллетеньде Есептілік бойынша жаһандық бастаманың басшылық принциптеріне сәйкес жан-жақты және салыстырмалы түрде өз қызметіміз туралы ашық есеп береміз.

Біздің құндылықтар — қызметіміздің негізі

Bosch компаниясы құндылықтарға бейімділікке әрқашан ерекше көңіл бөледі. Олар біздің бизнес жүргізу қағидаттарымызды көрсетеді: ол іскерлік серіктестермен, инвесторлармен, қызметкерлермен және қоғаммен қарым-қатынастағы кәсіби әдеп.

1 - Болашаққа ұмтылу және нәтижеге бағытталу

Біздің әрекеттеріміз нәтижеге бағытталған, бұл компанияның өркендеуіне кепілдік береді. Ол сондай-ақ әлеуметтік бастамалар мен қайырымдылық қордың жұмысына негіз жасайды

2- Жауапкершілік және тұрақты даму

Біз қоғам мен қоршаған ортаның игілігі үшін сақтықпен және жауапкершілікпен әрекет етеміз.

3 - Бастамашылық және батылдық

Біз өз бастамамызбен әрекет етеміз, өз қызметіміз үшін жауапкершілікті сезінеміз және алға қойған мақсаттарымызға тұрақты түрде қол жеткіземіз

4 - Ашықтық және сенім білдіру

Біз компаниядағы маңызды оқиғалар туралы уақытында және ашық хабарлаймыз. Бұл сенімді ынтымақтастықтың негізі

5 - Адалдық

Өзара адалдық – бір-бірімен және іскерлік серіктестермен қарым-қатынастағы корпоративтік табысымыздың шарты

6 - Сенімділік, сенім және заңдылық

Біз тек ұсына алатын нәрсеге уәде береміз, келісімдерді міндетті деп санаймыз және барлық коммерциялық операцияларымызда заңды құрметтейміз және орындаймыз.

7 - Мәдени алуантүрлілік

Біз мәдени алуантүрлілікті біздің артықшылығымыз және табыстың алғышарты деп қарастырамыз

Роберт Боштың суреті

Ұзақ мерзімді келешекте бизнес жүргізуге адал және әділ көзқарас әрқашан бір сәттік пайдадан маңыздырақ болады

Роберт Бош, 1921 г.
Қытайдың Якеши қаласындағы сынақ полигонындағы «Біз - Bosch» логотипі

We are Bosch

Біздің миссия бізді не жетектейтінін, не біріктіретінін және неге сенетінімізді түсіндіреді. Біз бірегей командамен бірге тарихта мәңгілік із қалдырғымыз келеді.

Нормативтік-құқықтық сәйкестік — тек компания деңгейінде емес

Нормативтік-құқықтық сәйкестік заңнама талаптарына да, компания принциптеріне де қатысты. Bosch-та бұл корпоративтік құндылықтар жүйесінің ажырамас бөлігі. Сол үшін біз жаһандық деңгейде әрекет ететін Іскерлік мінез-құлық кодексінде заңнама талаптары мен этика нормалары бойынша өз ұстанымымызды дәл анықтадық. Bosch құндылықтарымен бірге, біздің ойымызша, ол компанияның табысты бизнес-қызметінің іргетасын қалайды. Жауапкершілік пен заңдарды сақтау компаниядан тыс жерде де маңызды болғандықтан, біз іскерлік серіктестерімізден күтетіндерімізді тиісті Мінез-құлық кодексінде тұжырымдадық.

Д-р Штефан Хартунг
Д-р Штефан Хартунг, директорлар кеңесінің төрағасы
Іскерлік мінез-құлық кодексі

Іскерлік мінез-құлық кодексі

Бизнес серіктестерге арналған іскерлік мінез-құлық кодексі

Бизнес серіктестерге арналған іскерлік мінез-құлық кодексі

Нормативтік-құқықтық сәйкестікті басқарудың корпоративтік жүйесі

Bosch нормативтік-құқықтық сәйкестікті басқару жүйесі жаһандық ауқымда құқықтық және этикалық нормаларға сәйкес келетін мінез-құлықты көтермелеудің міндетті негізін қамтамасыз етеді және заңнама мен мінез-құлық нормаларын бұзу тәуекелдерін азайтады. Ол сыртқы және ішкі талаптарды тиімді іске асыру үшін негіз қалыптастырады, сондай-ақ құқықтық және этикалық нормаларды сақтау үшін маңызды процестерге қойылатын минималды талаптарды айқындайды. Оларға алдын-алу және бақылау бойынша әртүрлі шаралар, сондай-ақ Bosch мәлімдеушілерінің корпоративті жүйесі кіреді. Қызметкерлер, іскерлік серіктестер және үшінші тұлғалар бұл жүйені заңның және этикалық нормалардың бұзылғаны туралы мәлімдеу үшін кез-келген уақытта, соның ішінде аты жасырын күйде қолдана алады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Комплаенс дегеніміз заң талаптары мен компанияынң ішкі ережелерін сақтау. Басқаша айтқанда, Bosch компаниялар тобының және оның қызметкерлерінің барлық қызметі барлық заңнамалық талаптарға, Іскерлік мінез-құлық кодексінің ережелеріне және барлық орынды директивалар мен стандарттарға (Комплаенс талаптары) сәйкес келуі тиіс.

Комплаенс талаптарын бұзу - бұл барлығына тікелей немесе жанама қатысты мәселе, өйткені, бір жағынан, заң бұзушылықтар, олардың ауырлығына қарай, қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, комплаенс талаптарын бұзу компанияға материалдық зиян келтіруі мүмкін, сонымен қатар оның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Нәтижесі – компания қызметі тиімділігінің нашарлауы, демек, оның дамуына нұқсан келтіру. Bosch және үшінші тараптар арасындағы қарым-қатынастар да с комплаенске байланысты: Bosch компаниясы оларды бұзуға қатыстырылмауы тиіс.

Bosch әрбір қызметкері мен бизнес серіктесі комплаенс талаптарының ықтимал бұзушылықтары туралы хабарлауға және осылайша мұндай бұзушылықтардың салдарын азайтуға және болашақта мұндай бұзушылықтардың алдын алуға шақырылады. Бұл іскерлік серіктестер мен үшінші тұлғаларға да қатысты.

• кез келген қызметкер, оның ішінде тағылымгерлер мен аспиранттар

• штаттан тыс қызметкерлер, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар мен сервистік компаниялардың қызметкерлері


• кез келген бизнес серіктес, мысалы, жеткізуші, клиент немесе бірлескен кәсіпорын қатысушысы

• кез келген үшінші тұлға.

Ұрлық, алаяқтық, парақорлық сияқты құқық бұзушылықтарды немесе сапа/қауіпсіздік стандарттарын немесе Іскерлік мінез-құлық кодексін қасақана және ұзақ уақыт бұзу сияқты заңнамалық немесе ішкі корпоративтік нормаларды жүйелі түрде бұзуды көрсететін з оқиғалар туралы хабарлау өте маңызды.

Иә. Комплаенс-офицерлер тергеу жүргізуге, сотта пайдаланылатын дәлелдемелерді жинауға және кез келген қажетті сот ісін қарауды бастауға жауапты. Олар қажетті біліктілігі мен тиісті өкілеттігі бар бейінді бөлімдер мамандарын тарта алады.

Комплаенс талаптарының ықтимал бұзушылықтары туралы өз білімдері шамасына қарай және адалдықпен хабарлаған адамдар сол хабарлау салдарынан компанияның тарапынан қысым көрсетілуден қорықпауы керек.

Иә, бұзушылықтар туралы хабарламаларды Bosch компаниясының комплаенс мәселелері бойынша жедел желісі арқылы аты-жөнін көрсетпей хабарлауға болады. Жедел желі аясында сіз жауапты комплаенс-офицерімен жасырын қатынасу үшін қорғалған пошта жәшігін аша аласыз.

Комплаенс-офицер хабарламада сипатталған жағдайдың тергелуін және тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге жауапты (қажет болған жағдайда, Bosch бейінді бөлімшелерінің немесе сыртқы мамандардың қолдауымен).

Ықтимал бұзушылық туралы әрбір хабарлама мен қабылданған шаралар комплаенс-офицермен құжатталуы тиіс. Шағымданушы тартылған тараптардың заңды мүдделерін ескере отырып, тергеудің жай-күйі туралы хабардар етілуі мүмкін. Егер тергеу елеулі дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылған болса, бұл туралы айыпталған тұлға өзінен тергеу барысында жауап алынған жағдайда немесе оның өзі тергеу барысы туралы хабардар етуді өтінген жағдайда хабарланады.

Комплаенс талаптарының ықтимал бұзушылықтары туралы кез келген хабарлама әдетте дербес деректердің ашылуына әкеп соғады. Ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламаларды алу және өңдеу шағымданушының Деректерді қорғау туралы ережемен таныс екенін және одан әрі тергеу барысында оның дербес деректерін пайдалануға келісімін бергенін растауды қарастырады. Жасырын хабарлама жағдайында бұл ереже қолданылмайды.

Bosch-пен байланысу

Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз

Хабарлама жіберу