Негізгі мазмұнға өтіңіз
Өнімдер мен қызметтер

Ұтқырлық шешімдері

Bosch жабдық, бағдарламалық жасақтама мен қызметтер саласындағы тәжірибені біріктіріп, ұтқырлыққа арналған кешенді шешімдерді ұсынады

Мобильділік
Техникалық білімдері орасан зор Bosch Интернетке қосылған автомобильдер үшін құрал-жабдықтарды, бағдарламалық жасақтаманы және қызметтерді әзірлейді

Автомобильдік компоненттер мен жүйелер

Bosch компаниясы бензин, дизель, гибридті және электр қозғалтқыштары, белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері, автомобиль электрикасы мен электроникасы үшін шешімдердің кең ауқымын ұсынады. Біз Интернет-технологиялар, автономды жүргізу, трансмиссия және электрлік көліктер саласындағы шешімдерді ұсынамыз. Жеңіл автомобильдерге, жол талғамайтын көліктерге, екі доңғалақты көлік құралдарына, теңіз және теміржол көліктеріне арналған технологиялар туралы көбірек біліңіз.

Bosch жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді ұсынады

Авто қосалқы бөлшектер және жабдық

Bosch сіздің ұтқырлығыңызды қамтамасыз етеді.

Bosch қайталама нарыққа және жөндеу шеберханаларына арналған қосалқы бөлшектердің кең ауқымын (жаңа және ауыстырылатын бөлшектерден бастап жөндеу шешімдеріне дейін), сондай-ақ кәсіби жөндеу жабдығын, мысалы, диагностикаға арналған бағдарламалық және аппараттық жасақтаманы ұсынады. Техникалық қызмет көрсету бойынша оқыту курстары мен жөндеу шеберханаларына арналған серіктестік бағдарламалары арқылы Bosch бүкіл әлем бойынша сервис мамандарымен автомобиль құрастыру саласындағы тәжірибесімен және білімімен бөліседі. Мұның арқасында жөндеу шеберханалары диагностика мен жөндеуді неғұрлым тиімді, қауіпсіз және жылдам жасай алады.

Бүкіл әлем бойынша барлық маркаларға арналған Bosch сервисі

Bosch Авто Сервис

17 000 астам Bosch сертификатталған автосервистерінде жүргізушілер бірінші дәрежелі қызметтер, сарапшылық ноу-хау және сапалы автомобиль қосалқы бөлшектерін алады. Механикадан электрика мен дизельдік жүйелерге дейін - біздің сарашылар ең жаңа тестілеу технологияларымен жұмыс істейді.

Bosch-пен байланысу

Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз

Хабарлама жіберу