Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Тарих

Автомобильдер және басқасы 1926-1945 жж.

Бұл суретте 1942 жылы жеңіл металды құйып жатқан жұмысшылар көрсетілген.

Екінші дүниежүзілік соғыс бірқатар жаңа проблемаларды тудырғанға дейін Bosch компаниясы экономикалық дағдарыс пен ұлтшыл-социалистер үстемдігінің қиындықтарын инновациялар мен экономикалық тұрақтылықтың көмегімен еңсеріп тұрды.

Алдыңғы шепте тоңазытқыштың кескіні, Bosch логотипі

Дизельдік отын сорғылары — екінші негізгі өнім

1927 жылы көп жылдық әзірлемелерден кейін инновациялық отын сорғыларын шығару басталды, ол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл Bosch компаниясының бензин қозғалтқыштарынан айырмашылығы магнетодан оталдыру жүйесін қажет етпейтін дизельді қозғалтқыштарды одан әрі дамытуға жауабы болды. Бастапқыда жүк көліктерінде ғана қолданылған, жеңіл автомобильдерге арналған алғашқы дизельдік сорғылар нарыққа 1936 жылы шықты.

Жүк көліктеріне арналған дизельдік отын сорғылары
Жүк көліктеріне арналған дизельдік отын сорғылары
Фейербахтағы зауыт бүгінгі күнге дейін дизельдік технологияларды әзірлеудің базасы болып тұр. Суретте сорғының корпусында саңылау бұрғылап тесіп жатқан жұмысшы көрсетілген, 1935 жыл.
Фейербахтағы зауыт бүгінгі күнге дейін дизельдік технологияларды әзірлеудің базасы болып тұр. Суретте сорғының корпусында саңылау бұрғылап тесіп жатқан жұмысшы көрсетілген, 1935 жыл.
/

Портфолионы кеңейту - бизнестің жаңа бағыттары

Неміс автомобиль өнеркәсібіндегі ауқымды дағдарыс 1926 жылдан бері автомобиль өнеркәсібіне жабдықтар жеткізуші Bosch компаниясын өнімдер түржинағын қайта қарастыруға итермеледі. Бұл бұрын табысты болған стратегиялардың жиынтығын пайдалануға шабыттандырды - өнімдерді жетілдіру және тіпті сериялық өндіріске қосуға дейін оны дамыту. Электр құрал-саймандары мен жылу техникасына да, мүлде жаңа бағыттар, мысалы, радио және теледидар технологияларына да қатысты.

1933 жылы шығарылған Bosch тоңазытқышы үй шаруашылықтарының көбісіне қолжетімді болуы тиіс.
1933 жылы шығарылған Bosch тоңазытқышы үй шаруашылықтарының көбісіне қолжетімді болуы тиіс.
Bosch және Blaupunkt инженерлері 1932 жылы Еуропадағы алғашқы автомобиль радиосын сериялық өндіріс сатысына тапсырған кезде, жолдағы музыка енді орындалмас арман емес еді.
Bosch және Blaupunkt инженерлері 1932 жылы Еуропадағы алғашқы автомобиль радиосын сериялық өндіріс сатысына тапсырған кезде, жолдағы музыка енді орындалмас арман емес еді.
Bosch компаниясы қазіргі бөлімшесін 1932 жылы Хуго Юнкерстің жылу техникалық компаниясын сатып алғаннан кейін құрды.
Bosch компаниясы қазіргі бөлімшесін 1932 жылы Хуго Юнкерстің жылу техникалық компаниясын сатып алғаннан кейін құрды.
/

Электр құрал-саймандары

Bosch перфораторы жұмыс үстінде (1936 ж.)

Қырқу машиналары мен перфораторлар

Bosch компаниясының инженері Герман Штайнхарт бұл құрылғыны 1927 жылы өзінің сынақ шеберханасында ойлап тапты. «Forfex» тұтқасында кіріктірілген қозғалтқыш болды. Бұл көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Осы тұжырымдама кейінгі жылдары әзірлегенуі басталғанға дейін Штайнхарттың бөлімі бастапқыда Forfex-ті сериялық өндіріс сатысына әкелді, бұл алғашқы перфораторларды жасуаға әкелді. Команда Bosch зауыттарындағы өндіріс қуаттарын сынақ объектісі ретінде пайдаланды.

Фото: Bosch перфораторы жұмыс үстінде (1936 ж.)

Ынтымақтастықтың артықшылығы — күшті серіктеспен бірге өндіру

Соғыс аяқталғаннан кейін он жылға жуық уақыт өткеннен кейін шетелдегі сатылымдардың үлесі жалпы сатылымдар көлемінің 34%-на дейін ғана өсті. Жоғары көлік шығындары мен кедендік кедергілер Bosch компаниясын балама іздеуге итермеледі. Францияда, Ұлыбританияда және Италияда компания жергілікті өндіріске серіктестер іздей бастады, ал Австралия мен Жапонияда серіктес компаниялар Bosch лицензиясы бойынша өнім шығарды. 1932 жылға қарай шетелдік сатылымдар көлемі 55%-ға дейін өсті.

1931 жылы Bosch ағылшын нарығына қызмет көрсету үшін Лондондағы өндірістік база ретінде автомобиль техникасының жергілікті жеткізушісі C.A. Vandervell-мен бірлескен кәсіпорын құрды.
1931 жылы Bosch ағылшын нарығына қызмет көрсету үшін Лондондағы өндірістік база ретінде автомобиль техникасының жергілікті жеткізушісі C.A. Vandervell-мен бірлескен кәсіпорын құрды.
Мельбурндегі Роберт Bosch Supply and Service Pty Ltd. компаниясының менеджері Август Хётте Австралияда Bosch лицензиясы бойынша оталдыру білтелерін шығара бастады.
Мельбурндегі Роберт Bosch Supply and Service Pty Ltd. компаниясының менеджері Август Хётте Австралияда Bosch лицензиясы бойынша оталдыру білтелерін шығара бастады.
/

FESE

FESE үйдегі теледидар қабылдағышы (1938 ж.))

Озық технология

Шотланд телевизиясының пионері Джон Логи Бэрд және Zeiss Ikon мен Loewe компанияларымен бірге Bosch компаниясы 1929 жылы Fernseh AG (FESE) құрды. Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулер ақыры алғашқы үлкен жетістіктерге әкелді. FESE 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарына арналған алғашқы электронды жазу құрылғыларын жеткізіп, сол жылы алғашқы «үйдегі теледидар қабылдағыштарын» ұсынды. Соғыс кезінде FESE компаниясы қашықтан басқарылатын және теледидарлық кескінді жіберетін кіріктірілген камерасы бар бомбаны жасауға көмектесу үшін әскери мақсатта пайдаланылды. Соғыстың аяқталуы бұл жобаны сынақ сатысында тоқтатты.

Фото: FESE үйдегі теледидар қабылдағышы (1938 ж.)

Машинадағы жұмыскердің суреті.

Авиациялық қозғалтқыштарға арналған бензинді бүрку жүйелері мен телевизиялық технологиялар

Ұлтшыл-социалистердің билікке келуі Bosch компаниясына күрделі қиындықтар әкелді. Жаңа режим авиациялық қозғалтқыштар үшін бензинді бүрку технологиясы саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді тапсырды және жаңа зауыттар салу бастамасын енгізді. Телевизиялық технологиялар да әскери қызығушылықтың нысанына айналды. 1939 жылы компанияның шетелдік сатылымдар көлемі 9%-ға қысқарды.

Ұлтшыл-социалистер экономикалық автаркия саясатын ұстанғанымен, Bosch компаниясы өз өнімдерін бүкіл әлемге сатуды жалғастырды, мысалы, суретте көрсетілгендей, Қытайдың Тяньцзинь қаласында (1938 ж.).
Ұлтшыл-социалистер экономикалық автаркия саясатын ұстанғанымен, Bosch компаниясы өз өнімдерін бүкіл әлемге сатуды жалғастырды, мысалы, суретте көрсетілгендей, Қытайдың Тяньцзинь қаласында (1938 ж.).
Авиациялық қозғалтқышта Bosch бензинді бүрку сорғысы (1941 ж.).
Авиациялық қозғалтқышта Bosch бензинді бүрку сорғысы (1941 ж.).
/

Қаруландыру және мәжбүрлі еңбек

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Bosch компаниясы қайтадан әскери өндіріске көшті. Әскерилердің күшті моторландырылғандығы сонша, олар компанияға автомобиль техникасы саласындағы қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді. Барлық неміс өнеркәсібі сияқты, әскери әрекеттерге шақырылған қызметкерлердің орнына мәжбүрлі жұмысшылар келді.

Өндіріс үшін шикізатты өңдеу 1909 жылы Фейербахтағы металлургиялық зауытта басталды. Бұл суретте 1942 жылы жеңіл металл құйып жатқан жұмысшылар бейнеленген.
Өндіріс үшін шикізатты өңдеу 1909 жылы Фейербахтағы металлургиялық зауытта басталды. Бұл суретте 1942 жылы жеңіл металл құйып жатқан жұмысшылар бейнеленген.
Штутгарттағы зауытта оталдыру шарғыларын жасап жатқан әйел жұмысшылар, 1944 ж.
Штутгарттағы зауытта оталдыру шарғыларын жасап жатқан әйел жұмысшылар, 1944 ж.
/

Қарсыласу және еврейлерді қорғау

Екінші жағынан, Bosch компаниясының басшылығы ұлтшыл-социалистік режимге қарсылықты белсенді түрде қолдады. Қарсыласу қозғалысының орталығында компанияның кеңесшісі болып тағайындалған Карл Фридрих Герделер болды. Сондай-ақ, тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерьге жіберуден құтқару үшін компания қудаланған еврейлерді жалдады немесе эмиграцияда көмектесу үшін қаржылық қолдау көрсетті.

1970 жылы Израиль елшісі Идан Авнер (ортада) Яд Вашем израильдік мемориалының атынан Bosch компаниясының басшысы Ханс Вальцты (сол жақта) нацистік диктатура жылдарында қуғынға ұшыраған еврейлерге көмектесудегі күш-жігері үшін «Ұлттар арасындағы әділ» атағымен марапаттады.

Соңы

Соғыс кезінде одақтастар Bosch зауыттарын бірнеше рет бомбалады. Роберт Бош 1942 жылы қайтыс болғандықтан зауыттарының толық қирағанына куә болған жоқ. Ол өзінің ізбасарларына өзінің атымен аталған фабриканы қалай басқару керектігі туралы нақты нұсқаулар қалдырды.

Фейербахтағы металлургиялық зауыттың көп бөлігі 1944 жылы авиациялық шабуыл кезінде жойылды. Өндіріс біртіндеп ауылдық жерлерге ауыстырылды.
Фейербахтағы металлургиялық зауыттың көп бөлігі 1944 жылы авиациялық шабуыл кезінде жойылды. Өндіріс біртіндеп ауылдық жерлерге ауыстырылды.
1944 жылдың қыркүйегіндегі жойқын бомбалау Bosch фабрикасының символдық мұнарасын құлатты.
1944 жылдың қыркүйегіндегі жойқын бомбалау Bosch фабрикасының символдық мұнарасын құлатты.
/